Ойыл уездік сьезі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ойыл уездік сьезі - 1917 жылдың наурыз айында Орал облысы қазақтары қатысқан сьез. Мұнда ақпан төңкерісінен кейінгі жағдайға сәйкес ел ішінде тыныштық сақтау, Құрылтай жиналысына байланысты сайлау өткізуге халықты үгіттеу, облыстық сьез ашу мәселелері көтерілді. Сьезде қазақ атқару комитеті сайланды. Оның төрағасы Х.Досмұхамедұлы болды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>
Дереккөздер
<references/>