Ойсаз бұлақтары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мазмұны
Географиялық орны
Ойсаз бұлақтары – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі, Текеліден солтүстік-шығысқа қарай 22 км жердегі, Ойсаз өзенінің аңғарындағы бұлақтар тобы.<ref>Қазақ энциклопедиясы 7- том</ref>
Химиялық құрамы
Суы тұщы, минералды 0,15 – 0,5 г/л. Химиялық құрамы негізінен гидрокарбонатты, сульфатты натрийлі. Су құрамында кремний қышқылы (70 – 85 мг/л), фтор (10 – 15 мг/л), күкіртсутек (2 – 25 мг/л), радон бар. Су температурасы жазда 30 – 35°С, қыста –20 – 25°С болады. Әр бұлақтың тәуліктік су өнімі 15 – 30 м3.
Шипалық қасиеттері
Ойсаз бұлақтары суының құрамы мен шипалық қасиеттері жағынан Алмаарасан шипалы бұлақтарына өте ұқсас.
Ішкі сілтемелер
Қосымша мәлімет
Дереккөздер
<references/>