Одоакр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Young Folks' History of Rome illus420.png
Одоакрдың бейнесі.

Одоакр, Одеакор (431 жылы шыққан – 15.3.493, Равенна) – ғұн қолбасшысы. 469 жылдан ғұндарға қоса германдардың герул, скир тайпаларына билік жүргізді. Батыс Рим империясының құрамына кірген жалдамалы герман жасақтарын басқарды.<ref>Вайнштейн О.Л., Этническая основа государств Одоакра и Теодориха, М., 1982</ref> 472 жылы 11 шілдеде Рицимир мен Одоакрдың әскерлері Рим қаласын басып алды. 476 жылы 23 тамызда батыс римдік соңғы император Ромулды тақтан түсіріп, билікке келді. Бұл оқиға, яғни Батыс Рим империясының құлауы Еуропа елдері тарихнамасында ежелгі заман тарихиның аяқталған кезі болып есептеледі. 493 жылы Солтүстік Италияға басып кірген остготтардың билеушісі Теодорихтің қолынан қаза тапты. Аттила туралы жазылған тарихи және әдеби шығармаларда Одоакр оның шәкірті және ізбасары ретінде баяндалады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Одоакр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}