Обь өзені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Өзен Об, ОбьБатыс Сібірдегі (Ресей) өзен. Ұзындығы 3650 км (Ертісті қоса алғанда). Су жиналатын алабының ауданы 2990 мың км2.

Бастауы

Алтайдағы Бия (Шүй) және Катунь (Қатын) өзендерінің қосылуынан пайда болған. Батыс Сібір жазығы арқылы кең аңғармен ағып, Кара теңізінің Обь кірмесіне, ауданы 4 мың км2 атырау жасап құяды. Аңғарының ені 20 км, жайылмасы 6 км, тереңдігі 6 м. Негізгі салалары: Том, Шұлым, Кет, Тым, Вах (оң); Васюган, Үлкен Юган, Ертіс, Есіл, Тобыл, Солтүстік Сосьва (сол).

Гидрологиясы

Салехард қаласы маңында орташа су ағымы 12500 м3/с. Негізінен қар, жаңбыр суымен толығады. Суының көтерілуі жоғарғы ағысында сәуірмаусым, төменгі ағысында қыркүйекке (40 – 45 км-ге жайылады) сәйкес келеді. Су ағынымен келетін қатты заттардың жылдық мөлшері 16 млн. т. Мұзқұрсау жоғарғы ағысында қарашадан сәуірдің аяғына, төменгі ағысында маусымның басына дейін. Орта ағысының сол жағалауында Юган қорығы орналасқан. Тұрақты кеме қатынасы бар. Об өзенінің саласы – Ертісте Өскемен-Бұқтырма СЭС-ры салынған. Балық аулау кәсібі дамыған.

Сыртқы сілтемелер

Большая Советская Энциклопедия