Обручев мұздығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мұздық Обручев мұздығыЖетісу Алатауыының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Сарқан өзенінің алабындағы Шатыртас бастауында орналасқан. Мұздықты алғаш 1957 жылы П.А. Черкасов зерттеді. Оған көрнекті геолог В.А. Обручевтің есімі берілген.

Аумағы, жер бедері

Аумағы 4,47 км2, оның ішінде борпылдақ жыныс жапқан жері 0,38 км2. Ұзындығы 3,75 км. Фирн (мұзқар) алаңының ауданы 1,74 км2. Мұздық 4010 м биіктікте, ал мұздық тілі аңғар табанына (3391 м) тіреледі. Мұздық қарқынды ерігінде төмен моренадағы алаңда көлемді көл пайда болады. Одан Шатыртас өзені басталады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>