Обаған (өзен)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына ОбағанТобыл алабындағы өзен.

Бастауы

Шағын тұщы сулы Көктал көлінен басталып (Қойбағар ауылы маңында), Ресей Федерациясы аумағында Звериноголовское селосынан 10 км жерде Тобылға құяды.

Географиялық орны

Қостанай облысының Әулиекөл, Қарасу, Алтынсарин, Ұзынкөл аудандарының жерімен ағады.

Гидрологиясы

Ұзындығы 376 км, су жиналатын алабы 27300 км2. Аңғары жоғарғы ағысында 2,5 – 3 км, орта бөлігінде 3 – 8 км, сағасына таяу 7 – 7,5 км. Арнасы жарлы (2 – 4 м). Торғай қолатымен ағады. Ірі саласы – Құндызды. Аңғарында Құсмұрын, Талды, Алакөл, Теңіз, Қарақамыс, т.б. көлдер бар. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы сағасында (Ақсуат ауылы тұсында) 140 м3/с. Суы жоғарғы бөлігінде тұщы, төменде кермек татиды. Жайылмасы шабындық.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер