Нөгербек Дарасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нөгербек дарасы – ортағасырлық қала орны. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Ұлытау тауындағы өзен жағасында орналасқан. Ә.Марғұлан, С.Жолдасбаев, Ж.Смайылов зерттеді. Орлармен және жалдармен қоршалған, аумағы 92.76 м, тікбұрыш алаң түрінде сақталған. Қазіргі сақталған өлшемдері бойынша, жалдардың ені 10 м, биіктігі 1,2 – 2 м. Қаланың бұрыштарында орналасқан қарауыл мұнараларының сақталған биіктігі 2 – 2,5 м. Оңтүстік жағын ішінен екіге бөлінген цитадель қалдықтары алып жатыр. Мұның шығыс бөлігі қабырғалармен 3-ке бөлінген. Қаланың орта тұсында диам. 9 м, тереңд. 1 м дөңгелек шұңқыр байқалады. Кең көлемде қазбалар жүргізілмеген. Салынған шағын шурфтардан қыш ыдыс сынықтары алынды. Деректер бойынша, ескерткіш “орда” деңгейіндегі бекініс қала болып саналады. Ғалымдардың пікірінше, оғыздар әуелі осы Ұлытау төңірегінде бірнеше қалалы орындар салып, өз ұлысын көтерген соң, 10 – 11 ғасырларда Арқадан төмен Сыр бойына қоныс аударған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нөгербек Дарасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}