Нәрестенің конъюнктивит ауруы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нәрестенің конъюнктивит ауруы. Егер жаңа туған нәрестенің көзі туғаннан кейінгі алғашқы 2 күнде қызарса, ісінсе, іріңдесе, бұл соз болуы мүмкін. Сәби зағип болып қалмау үшін жедел емдеу керек. Инфекция бала туғаннан кейінгі 1-ден 3 аптаға дейінгі аралықта пайда болса, бұл хламидия деп аталатын ауру болуы мүмкін. Әдетте сәби бұл аурулардың бірін немесе екеуін де туған кезде анасынан жұқтырады.

Емдеу жолдары

  • 50—75 мг-дық канамицин инъекциясын шаныш-тырыңыз. Немесе кейде пенициллин де көмектесуі мүмкін. 3 күн бойы күніне 2 реттен 200 000 ед пенициллин кристаллинін салдырыңыз. Немесе бір апта бойы күніне 2 рет жарты шай қасық ко — тримоксазол сиропын ішкізіңіз. Ең жақсы дәрі, егер қолыңызда болса, 125 мг-дық цефтриаксоннан бір инъекция салдырыңыз.
  • Сондай-ақ тетрациклиндік көз майын да пайдаланыңыз: оны сәбидің көзіне алғашқы күні әр сағат сайын, сосын 2 апта бойы куніне 3 рет жағыңыз.

Емдеу жолдары

Тетрациклиндік көз майын жоғарыда көрсетілгендей етіп көзге жағыңыз. Сонымен қатар 2 апта бойы күніне 4 реттен әр ішкенде 30 мг-дан эритромицин сиропын ішкізіңіз. Бұл дәрі сондай-ақ хламидиямен ауырған балаларда көп болатын өкпе қабынуына да қолданылады.

Алдын алу

Барлық балалардың кезі создан және хламидиядан, әсіресе аналары осы аурулармен ауырса, ал әкесінің несеп жолы ауырса, қорғалуға тиіс. (Баланың анасы осы аурулармен ауыра-тынын білмеуі де мүмкін). Сәби туғаннан кейін-ақ бірден екі көзіне де бір тамшыдан бір ғана рет 1 проценттік күміс нитратының ерітіндісін тамызыңыз. Немесе аздап 1%-тік тетрациклин, не болмаса 5%-тік эритромицин көз майларынан сәбидің екі көзіне де туған бойда жағыңыз. Сәбидің көзі соз немесе хламидия сияқты аурулармен ауырған жағдайда ата-анасының екеуі де осы аурулардан емделуге тиіс.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}