Нұрқасын Балапанұлы Өтепов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Нұрқасын Балапанұлы Өтепов 1947 жылы 3 мамырда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Новоалексеевка ауылында туған. Қазақ.

  • Әкесі - Өтепов Балапан, марқұм, ҚазКСР ІІМ қызметкері болған. Анасы - Өтепова Нақыш Аймұханқызы, марқұм, тігінші болған.Үйленген. Жұбайы - Өтепова Қаншайым Қабиқызы (1954 ж. т.), экономист. Қызы - Өтепова Балжанар (1985 ж.т.), заңгер; ұлдары - Өтепов Ерслан (1986 ж.т инженер, Өтепов Нұрслан (1991 ж. т.), студент.
  • В.И. Носов атындағы Магнитогорск тау-кен металлургия институтының (1970) технологиялық факультетін бітірген, инженер-металлург. Салалық ғылыми-техникалық конференциялардың баяндамалары жинақтарында басылып шыққан 10 жарияланымның авторы. «Қыш кірпішті топтап кескіш автомат» (1985), «Көмірсетугі қоспасын күкіртті сутегі мен меркаптандардан тазартуға арналған қондырғы» (2003) «Шикі мұнай мен газ конденсатын күкіртті сутегі мен төмен- молекулярлық меркаптандардан тазарту әдісі» (2003) бойынша өнертабыстарына авторлық куәлік алған. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • КОКП мүшесі (1972-1991). 1970 жылдан - цехтың инженер-технологі, техникалық бөлімнің инженер-технологі, В.И. Ленин атындағы Челябинск трактор зауытының өндірістік филиалындағы зауыт зертханасыныңбастығы. 1976жылдан -«Ақтөбеауылмаш» зауытындағы техникалық бөлімнің пісіру және термиялық өңдеу технологиялық бюросының бастығы, зауыттың бас пісірушісі, бас технологы. 1985 жылдан - Ақтөбе кірпіш зауытында бас технолог. 1986 жылдан - «Каспиймаңымұнайгазқұрылыс» тресінің №1 құрылыс-монтаж басқармасында бас пісіруші. 1987 жылдан - «Теңізмұнай» НГДУ бас пісіруші. 1990 жылдан - Бүкілодақтық мұнай кәсіпшілігі құбырлары ғылыми-зерттеу институтының Қазақ аймақтық орталығының бастығы. 1991 жылдан - «Қазақстанмұнайнайгаз» ҮМК техникалық басқармасы бастығының орынбасары. 1992 жылдан - «Ұлттық мұнай-газ инспекциясы» МК «Қазақстанмұнайгаз» ҰМК бас директоры (1994 жылдан «Мұнайгаз» МХК «Бас мұнай-газ инспекциясы»), 1996 жылдан - «Мұнайгаз инжиниринг Лтд.» ГӨФ» ЖШС директоры 2004 жылдан - «АқНұр Консалтинг Лтд.» ЖШС директоры 2010 жылдан бері - «Мұнайгаз инжиниринг Лтд.» ҒОФ ЖШС бас директоры. Ақтөбе облысы машина жасау өнеркәсібінің ғылыми техникалық қоғамының басқарма терағасы («Машөнеркәсіп» НТО) (1983-1985). Қазақ Республикалық машина жасау өнеркәсібінің ғылыми-техникалық қоғамы басқарма масының мүшесі («Машенеркәсіп» НТО) (1983-1985)
  • Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.\ Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - И.В. Сталин, Ш. деГолль, Чжоу Эньлай, Ф. Кастро.Қазақстанның болашағы туралы болжамы -«Білікті маман дардың тапшылығы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жұтаңдануы, су қорларының өзекті мәселесі». Хоббиі - «Қызметтің жаңа бағыттарын игеру». Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи, саяси әдебиет, детективтер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}