Нұрғожа Қобыланұлы Алдабергенов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нұрғожа Қобыланұлы Алдабергенов (18.2.1939 ж.т., Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Таушық ауылы) – эколог, биология ғылымының докторы, профессор (2001). ҚазМУ-ды (1967, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Гурьев педагогика институтында (қазіргі Атырау университеті) аға оқытушы (1967 жылдан), доцент (1977), кафедра меңгерушісі (1977–95) қызметтерін атқарды. Алдабергенов 65-тен астам ғылыми еңбектің, 4 монография мен экологиядан 3 оқулықтың авторы.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>