Нұрхан Ахметбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрхан Ахметбеков (1903, Қостанай облысы Жангелді ауданы Жаркешу ауылы — 16.10.1964, Торғай ауылы) — Қазақстанның халық ақыны (1963).

  • Торғай өңірінде алғашқы ауданаралық театр құрып, оның тұңғыш директоры болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жалынды жырларымен халықтың жігерін жандырып, жеңіске деген үмітін оятты.
  • 1946 — 1950 жылы Торғайдағы Амангелді Иманов мұражайының директоры
  • 1951 — 1955 жылы Торғай ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Айтыстары

  • 1943 жылы қараша айында Қостанайда өткен облысы айтыста Сәт Есенбаевпен, сол жылдың аяғында Алматыда болған республикалық айтыста Молдахмет Тырбиевпен, 1945 жылдың ақырында Майташ Смағұловамен, 1957 жылы Есенбаевпен екінші рет айтысқан. Бұл айтыстары “Қостанай ақындарының айтысы” (1958), “Айтыс” (3 — 1., 1966) жинақтарында жарияланды.

Шығармалары

  • Ахметбеков классикалық шығыс үлгілерінің желісіне орайластырып бірнеше дастан шығарған.

Мың бір түн” ертегісінің оқиғасына байланыстырып

  • “Қамарлы заман”
  • “Албан Жұпар ханым” (1939 — 1940)

өткен кезеңдердегі тарихи оқиғалар сюжетіне

  • “Есім сері” (1929)
  • “Қарға” (1938) дастандарын жазды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
  • “Күләндам” (1934) дастанында 1932 — 1933 жылдардағы қазақ, даласын жайлаған алапат аштық тұңғыш рет шынайы көрсетілді.
  • Ақынның ұзақ жылдар талмай жырлаған сүйікті кейіпкері — Амангелді батыр бейнесі. “Үрпек соғысы” (1944) өлеңі кейін “Амангелді” дастанына ұласты. “Жасауыл қырғыны” дастаны оқырмандардың жоғары бағасына ие болып, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1951).

Күйлері

  • Ахметбековтың өзі шығарған “Күй басы”
  • “Июнь толқыны”
  • “Жеңіс” сынды күйлері де бар.
  • Қостанай облысы Торғай аудандық мәдениет үйіне, орта мектепке, көшеге Ахметбеков есімі берілген.<ref>Ахметов Ш., Нұрхан Ахметбеков, Кіт.: Қазақ әдебиетінің тарихы, 1-т., 2-кіт., А., 1964.</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref>

Баспадан шыққан еңбектері

  • Жасауыл қырғыны. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1951;
  • Тосын толғау. Поэмалары., ҚМ КӨБ, 1958;
  • Аманкелді. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1962.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}