Нұртуған Кенжеғұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887, Арал ауданы Аманөткел ауылы Мырзабас мекені – 1930, сонда) – ақын.


Атасы Еспембет суырыпсалма ақын, әкесі Кенжеғұл шебер күйші, анасы Айсұлу шежіреші болған. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін медреседе Мұхаммеди молдадан дәріс алған. 13 – 15 жасынан бастап өлең жаза бастаған. Алғашқы эпикалық туындысы – «Едіге» жыры (1910). 1910 – 20 жылдары «Мәулімнияз – Едіге», «Орақ – Мамай», «Қарасай – Қази», «Қобыланды», т.б. ірі эпикалық жырлары қазақ халқының өшпес мұрасына айналды. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін нақыл-терме, толғаулар, тарихи дастандар, тұрмыстық жырлар, т.б. жыр үлгілерін жазған. Ақын өмірінің сегіз жылын (1922 – 30) ауыр науқаспен өткізген. Нұртуған шығармашылық сан салалы, қазақ әдебиетінің бірнеше жанрына қомақты үлес қосқан, Оның Исатай – Махамбет туралы «Ақ Кете Шернияз», жоңғар қалмақтарының басқыншылығы жайында «Ақтабан шұбырынды» атты тарихи дастандары, «Адалдыққа не жетсін», «Арғымақ сұлу көрінбес», «Адаспайды ақылды», «Әуелі сөйле, жаппар хақтан», т.б. терме-толғаулары, көптеген хат-өлеңдері бар. Нұртуған Арал өңірінде «Нұртуған мектебі» аталатын дәстүрлі жыршылық, ақындық өнер мектебін қалыптастырды.

Ақын мұраларын Ә. Суханберлин, Б. Жүсіпов, А. Сақыпұлы, т.б. ғалымдар зерттеген.

Шығармашылығы

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}