Нұртас Исабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұртас Исабаев - 1954 жылы 13 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.

Еңбек жолын орта мектептен кейін біраз уақыт аудандық газет корректорлығынан бастаған. 1980 жылы автомобиль апатына ұшырап, I топтағы мүгедек болып қалғандықтан, шығармашылық жұмыспен ғана айналысады.

  • «Бастау» (1980);
  • «Өмірді сүю» (1987),
  • «Ұлылықпен сырласу» (1990),
  • «Қимаймын сені» (1998) жыр кітаптары шыққан.
  • «Разбег» атты орыс тіліндегі ұжымдық жинаққа бір топ өлеңдері енген. Орыс ақыны Александр Твардовскийдің өлеңдерін қазақ тіліне аударып, жариялаған.

Қазақстан Жазушылар одағының және Ораз Жандосов қоры сыйлығының иегері. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Көптеген танымал әндердің авторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}