Нұртай Ерназар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұртай Ерназар - 1956 жылы 5 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 1981 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін, 1992 жылы аспирантурасын бітірген. Қазақстан Жазушылар одағында, «Жұлдыз», «Ақ желкен», «Маңмаңгер» журналдарында, «Жас қазақ» газетінде, «Өнер» баспасында редактор болып қызмет істеген. 1998 жылдан «Шапағат-Нұр» исламтану журналын ашып, Бас редактор қызметін атқарыл келеді. «Тел Арна» баспаханасының директоры.

Шығармашылығы

«Қарлығаш», «Тобылғы күзде гүлдейді», «Үзілмейтін ән», «Тоқсан толғау», «Жетінші дауыс», балаларға арнап «Мақтаншақ қаз», «Аңдар жиыны» секілді жыр жинақтарының, екі кітаптан тұратын «25 Пайғамбар», «Дін — ұлт тірегі» секілді діни прозалық кітаптардың авторы. Сондай-ақ «Тәубаға келу жолдары», «Суннаны сақтау қажеттілігі», «Улы тұлғалар Ислам жөнінде» секілді діни кітаптарды және шешен, қырғыз, татар ақындарының шығармаларын тәржімалаған. Бір топ әндер мен күйлер дің авторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}