Нұртаза Алдабергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұртаза Алдабергенов (20.11.1947 жылы туған, Арыс қаласы) - археолог, ғалым. 1970 жылы Ташкент мемлекеттік университетін, 1983 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 19701971 жылы ауданы оқу бөлімінде одіскер, 1971 — 73 жылы респ. ғыл.-реставрация шеберханасында археолог, 1973-2004 жылы КазМУ-де оқытушы, аға оқытушы болды. 2004 жылдан Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры. Оңтүстік Туркіменстан археологиялық экспедициясы, Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы, Еділ бойы археологиялық экспедициясы, Кеш археологиялық экспедициясы жұмыстарына қатысқан. ҚазмУ археологиялық экспедициясының тобын ұзақ жылдар басқарып, бұрын белгісіз болып келген оннан аса қала жұрттарын анықтаған. Ортағасырлық қала мәдениеті мәселелерін талдаған, 1 фотоальбомның (Түркия), 30-дан аса ғылыми мақаланың, 26 ғылыми есептің, 12 оқулық пен оку бағдарламаларының авторы. "Қазақстан", "Түркістан", "Тараз", т.б. энциклопедияларға ғылыми-танымдық 70 шақты мақалалар жариялаған. Сырдария алқабындағы қалалар мен Шу, Талас алқабындағы ортағасырлық қалалардың өзара мәдени- экономикалық байланыстарын зерттеген. Көптомдық "Қазақстан. Ұлттық энциклопедия" басылымының ғылыми кеңесшісі.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұртаза Алдабергенов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}