Нұрмұханбет Сұлтанғалиұлы Өткелбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрмұханбет Сұлтанғалиұлы Өткелбаев (1895, қазіргі Сырдария ауданы – 10.3.1929, Қызылорда қаласы) – ішкі істер қызметкері. Перовскідегі орыс-түземдік училищесін бітірген (1913). 1913 – 18 жылдары Қазалы уезінде, Арал жағалауында су мөлшерін бақылаушы, орман-тоғай шаруашылығында жұмыс істеді. 1918 жылы Перовск большевиктер ұйымына кірді. 1919 жылы РКП (б)-ның Мұсбюроның, ал 1920 жылы РКП (б) угоркомның төралқа мүшесі, Түркістан майданының ерекше бөлімінің коменданты, угормилиция бастығының, Ташкенттегі Турциктің қырғыз бөлімінде қызмет істеді. 1928 жылға дейін Түркістан, Ақмешіт, Қазалы уездері бойынша мемлекеттік жер шаруашылығының бастығы, угормилицияның қылмысты іздестіру бөлімінің бастығы, угорисполкомның жауапты хатшысы, Шымкент губерниясы қылмысты іздестіру бастығының орынбасары, республикасы Ішкі істер Халық комиссариатының коллегия мүшесі, Орталық Әкімшілік басқармасының бастығы және республика милиция бастығы қызметтерін атқарды. Тасбөгет кентіндегі бір көшеге Өткелбаев есімі берілген.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұрмұханбет Сұлтанғалиұлы Өткелбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}