Нұрмолда Алдабергеновтің мемориалды мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

<ref>

  1. Ж 56 ЖЕТІСУ. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. – 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
  2. Алматы облыстық қоғамдық саяси «Жетісу» газеті, № 139 (17551) Сейсенбі 6 желтоқсан, 2011 жыл.

</ref>

Орналасқан жері

Алматы облысы Ескелді ауданындағы бұрынғы Шұбар ](1977 жылға дейін) қазіргі Алдабергенов ауылында орналасқан. Алматы облысы Ескелді ауданы Алдабергенов ауылындағы екі мәрте Еңбек ері Нұрмолда Алдабергеновтің мемориалды мұражайы Жетісу өлкесіндегі көрнекті мәдени орындардың бірі.

Құрылуы

Алматы облысы Ескелді ауданы Алдабергенов ауылындағы екі мәрте Еңбек ері Нұрмолда Алдабергеновтің мемориалды мұражайы Қазақстан Республикасы Коммунистік Партиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қолдауымен 1986 жылы Қазақ ССР Министрінің қаулысымен ресми түрде колхоз тарихындағы қоғамдық музей болып құрылды. Оған ауыл шаруашылығының өндірісін ұйымдастырушы, қоғам қайраткері, екі мәрте Социалистік Еңбек ері, екі рет Ленин және Еңбек қызыл Ту ордендерімен, 6 рет Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Үлкен Алтын медалімен марапатталған Нұрмолда Алдабергеновтің есімі берілді.

Толығырақ

Музей орналасқан ғимараттың жалпы ауданы 3978 шаршы метр, экспозиция қойылған орынның көлемі - 9,2 шаршы метр. Қазір мұражайда 4706 мұрағат бар. Ондағы жәдігерлер жыл өткен сайын толыға түсуде.


Мұражай Қазан революциясының қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы, Кеңес өкіметі кезіндегі, кейінгі әлеуметтік өзгерістер, жаппай ұжымдастыру жылдары, ұжымдық қозғалыстың даму жылдары тақырыптарына орай топтастырылып, безендірілген 4 зал мен 4 бөлмеден тұрады. Мұнан өзге бірнеше зал, бөлме, бөлім, бұрыш бар. Онда нар тұлғаның өмірі мен еңбек жолы туралы, шаруашылықтың экономикасы мен мәдениетінің даму кезеңін, еңбек адамдарының тұрмысқа қажетті бұйымдары және еңбек құралдары жинақталған. Сонымен қатар Жетісу өлкесіне танымал батыр, би ақын бабаларымыздың тарихи өмірінен және Нұрмолда Алдабергеновтің үзеңгілестері, халық ақындары, ұлы жазушылар, мемлекет қайраткерлері, шетелден келген қонақтармен бірге болған сәттерінен мағлұмат береді.


Мұражай кіреберісіндегі бөлмеде мемлекеттік рәміздер - еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні орналастырылған. Ол тәуелсіздіктің 20 жылында жеткен жетістіктерді баяндап тұрғандай. Келесі залда Жетісу жеріне танымал әулие батыр бабаларымыз Ескелді би, Балпық би, Қабылиса жырау және олардың шәкірттерінің суреттері ілінген. Осы залда Балпық бидің алтыншы ұрпағы Н. Алдабергеновтің балалық шағы мен кемелденген кездерінен сыр шертетін диограмма мен бюсті орналасқан.


Келесі залда Н. Алдабергеновтің еңбек жолы Түркістан-Сібір теміржол құрылысы мен алғашқы колхозды ұйымдастырған колхоз мүшелерінің суреттері ілінген. Одан кейінгі бөлмедегі халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен қолөнер туындылары көрермендерді қызықтырады.
Келесі бұрышта Ұлы Отан соғысында Украина жерін азат етуде, жауға пулеметпен оқ жаудырып ерен ерлік көрсеткен Кеңес Одағының батыры, осы елді мекенде туып-өскен Матай Байысұлының мүсіні қойылған. Сонымен қатар соғыс кезіндегі тылдағы өмір, мал шаруашылығын ұйымдастыру, суландыру жүйелерін жүргізу, ауыл мәдениетін көтеру, колхозшылардың тұрмысын жақсарту сияқты жанкешті еңбектері баяндалған.
Екінші қабаттағы колхозды басқарған бес колхоз бастығының портреті және Н. Алдабергеновтің жұмыс бөлмесі келушілердің назарын ерекше аударады. Үлкен залда 19 Еңбек Ерінің портреті төрден орын алған және олардың қол жеткен табысын баяндайтын бұрыштар көркемделіп қойылған.
Мұражай тарихында өшпейтін орын алған көрнекті қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 1986 жылы мұражайға келуі және қолтаңбасы көркемделіп қабырғаға ілінген. Сондай-ақ, 1988, 1995, 2002 жылдары Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үш мәрте Алдабергенов ауылында және мұражайында болып, өзінің қолтаңбасын қалдырды. Елбасының Н. Алдабергеновтің 100 жылдық мерейтойына жіберген құттықтау хаты да келушілердің назарын аудармай қоймайды.


Бұл мұражайға арнайы келген көптеген қоғам қайраткерлері мен қазақтың классик жазушылары ауылдың табысына тәнті болып, республикадағы шаруашылық басшылары мен шетелден келген қонақтар озық тәжірибесін үйренген. Мұражай экспозициясында тұрған әр жәдігер құнды. Өткен күндердің белгісі кейінгі ұрпаққа мол мұра. Тәуелсіз Қазақстанның жастарына өткен тарих, баға жетпес құнды материалдар мәліметтер беріп, олардың отаншыл, ұлтжанды, еңбекқор болып өсуіне ықпалын тигізері сөзсіз.

Пайдаланған әдебиет

<references/>