Нұрлыбек Баймұратов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрлыбек Баймұратов (1887, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы1969, сонда) — ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).

Ауыл мектебінен ескіше сауат ашқан. Орыс көпестерінде жұмыс істей жүріп, орыс тілін үйренген. Шығармалары 1924 жылдан мерзімді баспасөзде жариялана бастады. Осы жылы “Қала сұлуы” дастанын жазған. Ел аузында сақталған ауыз әдебиеті үлгілерін насихаттаумен қатар ол халық ақындары И. Байзақов (1922), Н. Бекежанов (1939), М. Жапақов (1943), Т. Көбдіковтермен (1949) айтысты. Нұрлыбектің соғыс жылдарында жазған қаһармандық рухтағы өлеңдері, Төлеген Тоқтаровқа арнаған “Ер Төлеген” (1945), азамат соғысы тақырыбына бағытталған “Қанды жорық” (1962) дастандары халық арасына кең тараған. Ақын жырлары “Пернедегі термелер” (1965), “Айтыс” (1965) жинақтарында, сондай-ақ “Өлеңдер” (1957), “Қазына” (1982) атты жеке кітаптарында жарық көрді<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>.

Шығармалары

  • Ер Төлеген. Дастан. А., ҚМ КӨБ, 1945;
  • Өлеңдері мен дастандары. А., ҚМ КӨБ, 1957;
  • Қанды жорық. Дастан. А., ҚМ КӨБ, 1962;
  • Қазына. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1982.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}