Нұрлыбай Есімғалиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нұрлыбай Есімғалиев (5.4.1949 ж.т., Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі а.) — киноактер. Алматыдағы республикалық эстрада студиясында «көркемсөз оқушы» мамандығын алған (1968). Алматы мемлекеттік консерваториясының актерлық факультетінде (1968-71; Ш. Жандарбекованың класында), Мәскеуде Бүкілодақтық мемлекеттік кинематографиялық Институтында КСРО халық артисі Б. А. Бабочкиннің шеберханасында тәлім алған (1974). 1974 жылдан Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етеді. Есімғалиев 40-қа жуық кинофильмге түскен. Қазақстан кәсіпқой киноактерлер гильдиясын құрып (1998), соны басқарған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>