Нұрлыбаев Әбдірахман Тұрлыбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрлыбаев Әбдірахман Тұрлыбайұлы (27.3.1927 жылы туған, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Оймауыт ауылы) – ғалым, геология-петрология ғылым докторы (1971), профессор (1975). Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академикі (2003). Республиканың құрметті кен барлаушысы (2002). Петрология саласынан шыққан тұңғыш қазақ докторы. Орта Азия мемлекеттік университетін (Ташкент мемлекеттік университетін) бітірген (1951). 1948 – 56 жылдары геология басқармаларында жұмыс істеген. 1956 жылдан Қ.И. Сәтбаев атындағы геология ғылымдар институтында қызметте. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстандағы сілтілі тау жыныстарының геологиясы мен минералогиясына, геохимиясы және минерагениясына арналған. Нұрлыбаевтың күрделі ғылым еңбектерінің тұжырымды зерттеулерінің арқасында түсті металлургия, химия, құрылыс және басқа да өндіріске қажетті шикізат қорлары бола алатын нефелин-лейцит, алунит, каолинит, слюда, кианит, дала шпаттары, дюмортьерит, т.б. жоғары глиноземді және геотехногенді кендері, оған қоса көптеген сирек кездесетін металл кен-көздері (Есіл тобы, Қосістек, Борсықсай, Абай, Қарсақпай, Қаратал, Иірсу, Бадам) ашылды. 10 монография, 300-ден астам ғылыми еңбек жазған. Бірнеше медальмен марапатталған.

Шығармашылығы

  • Табиғаттың тамаша қазба-байлықтары, А.-А., 1972
  • Қазақстанның сілтілі тау-жыныстарының минералогиясы, А., 1976
  • Оңтүстік Торғай ойпаты мен Солтүстік Ұлытау өлкелерінің геологиясы мен пайдалы қазбалары, 1 – 2 т., А., 1984
  • Солтүстік Қазақстанның геологиясы, 1 т., Солтүстік Қазақстанның магматизмі, 2 т., А., 1988

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұрлыбаев Әбдірахман Тұрлыбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}