Нұрлан Мұхтарұлы Арынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрлан Мұхтарұлы Арынов (23.9.1961 ж.т., Алматы қ.) – медицина ғылымдарының докторы (1997).

Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1984). Алматы қалалық емханасында дәрігер (1984–90), Алматы мемлекеттік медицина университетінде ассистент, доцент (1990–94), Алматы қаласындағы Хирургия ғылыми орталығында жетекші қызметкер (1994–97), 1998 жылдан бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Арынов республикада балалар бауырының зақымдалған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды.

«Хирургия механической хронической дуоденальной непроходимости (возрастной аспект)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – соқыр ішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ішек, ұлтабар, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктерін зерттеу мәселелері.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}