Нұржан Қуантайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұржан Қуантайұлы - 1971 жылы 22 қаңтарда бұрынғы Семей облысындағы Көкпекті ауданының Үлгілі ауылында туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1993—1994 жылдары Қазақ радиосында аға редактор, шолушы, 1995— 1996 жылдары Қазақстан журналистер одағына қарасты Журналистерді қолдау қорының вице-президенті ( 1996 — 2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент, 2000 — 2002 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы, 2002 —2004 жылдары «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы, 2004 —2005 жылдары «Айқын» газетінің саяси шолушысы, 2005 — 2009 жылдары «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. 2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс ақпарат» Меdіахолдингінің бас директоры. 2000 жылы «Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2001 жылы «Қаламгер» баспасынан «Адырна» атты өлеңдер кітабы шыққан. «Қараөзек», "Қолшатыр" атты прозалық, «Күмбір» поэзиялық кітаптарының авторы.

Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}