Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Мұхамеджанова Нұржан Жалауқызы (1961 жылы 12 ақпан) - медиа менеджер, журналист, "Қазақстан" ұлттық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы (2012 - 2016).<ref>http://kaztrk.kz/kz#comand</ref>

Білімі

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін, Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін үздік тәмамдаған. <ref>http://kaztrk.kz/kz#comand</ref>

Қызметтік өтілі

Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында редактор, бөлім бастығы, Бас редактор қызметтерін атқарған.

1991 жылы Қазақ радиосы «Шалқар» бағдарламасы ақпараттық-сараптамалық редакциясының Бас редакторы, Қазақ радиосы бағдарламалар Бас редакторы, 1992-1994 жылдары Қазақ радиосы Бас директорының бірінші орынбасары, Қазақ радиосының саяси шолушысы қызметін атқарды.

1997 жылы ҚР Президенті Баспасөз қызметінде, 1997-2006 жылдары «Интерньюс» Халықаралық Ұйымының Қазақстандағы Өкілдігі директорының орынбасары, Атқарушы директоры, 2006 жылы «31 канал» ТРК Атқарушы директорының бірінші орынбасары, Атқарушы директоры, 2008-2011 жылдары «31 канал» компаниялар тобы ТРК Бас директоры болды. 2008-2011 жылдары Қазақстан Телерадиотаратушылар Ұлттық Ассоциациясының Президенті.

2011 жылдың шілдесінен «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы