Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек (28.12.1954 ж.т., Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (2004), профессор (2005). ҚазМУ-дың (1979, қазіргі ҚазҰУ) тарих факультетін және Мәскеудегі КСРО ғылым академиясының Шығыстану институтының аспирантурасын (1989) бітірген. 1989 жылдан ҚазҰУ-дың тарих факультетінде оқытушы, доцент (1991), шығыстану факультетінің деканы (1996–2002), шығыстану кафедрасының меңгерушісі (2002–03), 2005 жылдан шығыстану факультетінің деканы. 2003 ж. «Ресей, КСРО және Қытайдың Шыңжаңдағы саясаты. 18 ғ. – 1949 жыл» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Алдабек 2 монография («Россия и Китай: торгово-экономические связи в центрально-азиатском регионе в 17–19 вв.», 2001; «Тарихы талқыға толы Шыңжаң», 2003), бірқатар оқулықтар мен оқу-әдістемелік еңбектердің және 100-ден астам ғылыми мақаланың авторы.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нұржамал Әбдіразаққызы Алдабек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}