Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш (15 маусым 1950 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылы)- жазушы, ғалым, философия ғылымдарының докторы.

Өмірбаяны

  • ҚазҰПУ-ды бітірген (1973).
  • 1976 - 1979 ж. "Мектеп", "Жалын" кітап баспаларында редактор
  • 1980 - 1984 ж. "Қазақ әдебиеті" газетінде аға тілші
  • 1984 - 1986 ж. "Жұлдыз" журналында әдеби қызметкер
  • 1986 - 1987 ж. "Қазақфильм" киностудиясында сценарист
  • 1987 - 1990 ж. "Қазақстан мұғалімі" газетінде бөлім меңгерушісі
  • 1990 - 1992 ж. "Халық кеңесі" газетінде парламент шолушысы, алқа мүшесі
  • "Заң газеті" бас редакторының орынбасары
  • "Балауса" баспасының бас редакторы
  • "Білім - Образование" журналының бас редакторы қызметтерін атқарды.
  • Қазір Әдебиет және Өнер Институтында ғылым қызметкер.

Шығармалары

  • "Үндемейтін ұл" (1982)
  • "Қияннан келген көгершін" (1984)
  • "Сынық домбыраның сазы" (1985)
  • "Таң алдындағы дабыл" (1987)
  • "Жатақхана қыздары" (1990)
  • "Ұры қыздың тағдыры" (2001)
  • А.Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев туралы "Алтынбектің балалық шағы" (2003)
  • "Балалар елін бағындыру" (2005) атты көркем шығармалар жинағы
  • "Зұлмат кезең қазақ прозасында" монографиясы (2005) жарық көрген.

Балаларға да арналған:

  • "Жұмбақ іздер"
  • "Әбдіреден шыққан қылыш"
  • "Қиырдан келген көгершін"
  • "Киелі көлдің қарақшылары"
  • "Бейуақытта жанған от", т.б. шығармалары бар.

Жетістіктері

Жазушының "Жұмбақ іздер" (1977), "Таң алдындағы дабыл" (1985), "Батпақты тоғай басында" (1986), "Киелі көлдің қарақшылары" 1987 шығармалары кезінде "Жалын" баспасының жабық байқауында жүлделерге ие болған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}