Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Бөкебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нұрбақыт Әбдіғалиұлы Бөкебаев 1963 жылдың 9 мамырында Алматы облысы Шелек ауданы Ащысай ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Бөкебаев Әбдіғали, марқұм, мемлекеттік қызметкер болған. Анасы - Жұбанышева Сара, марқұм, қоғамдық асханада еңбек еткен. Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын (1987); Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театралды- көркем өнер институтын (1991), драма және кино әртісі; Д.А. Қонаев атындағы Университеттің заң факультетін (2007) бітірген, заңгер. Саяси және ұлтаралық тақырыптардағы мақалалардың авторы. Қазақ, орыс, түрік және ағылшын (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2000 жылдан). 1991 жылдан - концерттік ұжымдардың әкімшісі, жетекшісі. 1993 жылдан - ҚР Мәдениет министрлігінің бас маманы. 1996 жылдан - Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжініңжәне Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының оқытушысы, «Дастан» балалар театрының жетекшісі. 1998 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының проректоры. 2000 жылдан - Алматы қаласы Бостандық ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы. 2004 жылдан - Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі (Алматы қаласы). 2005 жылдан - Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы. 2008 жылдың ақпан айынан - «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының ұйымдастырушылық-партиялық жұмыстарының меңгерушісі. 2008 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өнер басқармасының бастығы. 2010 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының реттеуші директоры. Мәдениет қайраткері. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Қ.К. Тоқаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның гүлденуі». Хоббиі - музыка, саяхатқа шығу, бильярд, волейбол, суда жүзу. Сүйіп оқитын әдебиеті - отандық және шетелдік әдебиеттер. Үйленген. Жұбайы - Қаржаубаева Дәру Қомысбайқызы (1970 жылы туған). 3 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub