Нүркен Мазбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Футболшы


Нүркен Мазбаев – Қазақстан футболшысы(шаубуылшы). Қазақстан футболының тарихындағы ең үздік ойыншы Нүркен Мазбаев 4 маусымда 1972 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.

Карьераcы

Клубтық карьера

  • Нүркен Мазбаев 1992 жылы 20 жасында «Тараз» сапында ойнап, футболдағы алғашқы табысты карьерасын бастайды.
  • Нүркен 1992-1997 жылдар аралығында «Тараз» сапында 159 рет алаңға шығып, 59 гол салған. Алты маусым қатарынан клубтың үздік шабуылшысы болды.
  • 1995 жылы алғаш рет күміс жүлдеге қол жеткізеді. Келер мауысыда алтын жүлдеге ие болды. Клубтың алғашқы чемпиондық атағына мерген шабуылшы Нүркеннің қосқан үлесі орасан зор.
  • 1997 жылы «Таразбен» тағы да жүлделі екінші орынды иеленеді. Сол жылы облыс әкімі ауысып, команданың жағдайы қиындай бастады. Клубтың біраз ойыншылары әр түрлі себептермен команда ауыстырады.

Нүркен де клуб ауыстырып, «Қайсар» клубының сапына өтеді. Қайсар клубында 1998-1999 жылғы маусымда 33 ойын өткізіп, 25 рет гол соқты. Әрі еліміздің ең үздік шабуылшысы атанады.

  • Нүркен «Тараз», «Қайсар» сияқты командаларда доп тепкен соң, 1999 жылы оңтүстіктің тағы бір командасы «Синтез» клубына ауысады.
  • «Синтез» клубында бар жоғы 14 рет қана алаңға шығады. Ал 2000 жылдардыңбасына Астананың «Жеңісінен» ұсыныс түсіп, Астана клубының құрамынақосылады.
  • «Жеңістің» сапында 27 рет алаңға шығып, тоғыз рет теңбіл допты қақапа торында тулатады. 2001 жылы қайтадан оңтүстік өңірге оралып, «Достық» клубымен келісім-шартқа отырады.Достық клубында 1999 жылда 14 ойын өткізіп, 4 гол салды.

Ұлттық құрама карьерасы

13 ойын өткізіп 2 гол салды. Жарақат алып ұлттық құрамадағы ойынын тоқтатты.

Жетістіктері

Сыртқы сілтемелер