Нүкте (тыныс белгісі)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тыныс белгілері Нүкте (.) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Нүкте белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты қойылады. Нүкте дұрыс қойылмайтын болса, сөйлем түсініксіз болып шығады, не нүктенің қойылмауынан екінші бір мағына туындауы мүмкін.<ref>Оралбаева Нұржамал, Аблақов Әбжаппар, Қазақ тілі, Алматы, 1992</ref> Нүкте – аяқталған ойды білдіретін шартты белгі. Нүкте

  • 1) хабарлы сөйлемдерден кейін. Мұндай сөйлемдер құрамына қарай жай, құрмалас сөйлем, сондай-ақ толымды, толымсыз, жақты, жақсыз сөйлемдер болып келеді (Жирен мұртты, аласа ақ сары жігіт басын көтерді. Ғ. М.). Қуанышты жасыруға болмайды (С. Е.);
  • 2) басқы әріптерінен қысқарған кісі, газет-журнал аттарынан кейін.(Әуезов - қазақ халқының данышпан жазушысы. Ғ. М.). Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ("С. Қ.");
  • 3) драмалық шығармаларда әрбір кейіпкердің есімінен кейін.(Жомарт. Жақаң кем өлшеп, қанағат қылады (Ғ. Мүст.)
  • 4) сандар арқылы таңбаланатын реттік нөмірлерден соң. (Грамматика екі саладан тұрады: 1. Морфология. 2. Синтаксис.);
  • 5) тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа сөздерін қысқартқанда.(Қазақстанда мынадай ұлттар тұрады: қазақ, орыс, украин, неміс, татар, ұйғыр т. б.);
  • 6) екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін.(Ренжімесең, осы айтқанымды орындашы. Ғ. Мүст.);
  • 7) атаулы сөйлемдерден кейін.(Түн. Жарқыраған жұлдыз бен тыныштыққа бөленген дала адамды өзіне еріксіз баулап алғандай. A. Т.);
  • 8) кейіпкер атынан соң автордың түсіндірме сөзі келсе, ол жақша ішіне алынып, соңынан нүкте қойылады.(Аманкелді (атып тұрып). Кешігіп қалыпсыз мырза! Ғ. М.)..<ref>Мұсабекова Ф., Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясы негіздері, А., 1973 Оралбаева Н., Аблақов Ә., Қазақ тілі, А., 1992</ref><ref>Сыздық Р., Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000</ref><ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Қойылу жағдайлары

Нүкте мынадай орындарда қойылады:

  1. Нүкте аяқталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден соң қойылады.
  2. Басқы әріптерінен қысақарған кісі аттарынан, газет-журнал аттарынан соң нүкте қойылады.
  3. Пьесаларда әрбір кейіпкердің есімінен соң нүкте қойылады.
  4. Цифрлар арқылы таңбаланатын санамалы нөмірлерден кейін нүкте қойылады.
  5. Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып қойылғанда, олардан соң нүкте қойылады.
  6. Екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден соң нүкте қойылады.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}