Нуритдин Мұхметқалиұлы Атаханов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Нуритдин Мұхметқалиұлы Атаханов (1905-1974), актер. Қазақстанның халық артисі (1958). Актерлік һәм режиссерлік өнерді зеректігінің арқасында өз бетінше үйреніп, меңгерді. Оның шығармашылық жолында М. Әуезовтің драматургиясы актерлік өнерінің профессионалдық деңгейде қалыптасуына ықпал жасады. Жас кезінде «Еңлік - Кебектегі» махаббат жолында шейіт болған Кебекті жігері жалын атқан батыр етіп суреттесе, Абай» трагедиясында ұлы ақынның, «Абай» романы негізінде жасалған қойылымда Құнанбайдың, «Түнгі сарында» Казанцевтің, М. Әуезов аударған «Ревизордағы» Земляниканың реалистік бейнелерін жасады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub