Нуклеазалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нуклеазалар — гидролазалар тобына жататын ферменттер. Олар нуклеин қышқылының полинуклеотид тізбегіндегі фосфодиэфир байланысын үзу реакциясын жеделдетеді. Нәтижесінде моно- және динуклеотидтер пайда болады. Шеткі мононуклеотидтер экзонуклеозалармен, ал ортаңғылары эндонуклеазалармен үзіледі. Нуклеазалар РНҚ-ын (рибонуклеазалар) және ДНК-ын (дезоксирибоиуклеазалар) немесе екеуін де үзе алады. Нуклеазалар табиғатта кең тараған, олар нуклеин қышкылдарының ыдырауы мен түзілуінде үлкен орын алады. Нуклеазалар ген инженерлігінің ең қажет құралы, олар нуклеин қышқылының белгілі кесінділерін жасайды. Нуклеазалар ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады. Мысалы нуклеин қышқылының құрылысын зерттеу, гендік талдау жүргізу т. б.

<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Нуклеазалар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}