Нора Пфеффер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нора Пфеффер 1919 жылы 31 желтоқсанда Тбилиси қаласында туған. А.С.Пушкин атындағы Тбилиси педагогикалық институтында (ағылшын және неміс тілдері факультеттерінде) оқыған. Оқуды Мәскеу, Алматы шет тілдер институтында жалғастырған. Тбилиси медицина техникумында, Алматы шет тілдір институтында ұстаздық етіп, Қазақ мемлекеттік университетінде шет тілдер кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарған. Әдеби қызметі 1959 жылдан басталады. Алғашқы туындылары «Нойес Лебен», «Фройнд шафт» газеттерінің беттерінде басылған. Содан бері бірнеше өлеңдер жинағы «Қазақстан» баспасынан шықты. Балаларға арнап жазды. Бірқатар жырлары КСРО және ГДР мектеп оқулықтарына енген. Кейбір қазақ, орыс, грузин, латыш ақындарының өлеңдерін неміс тіліне аударған. «Приключение Отара», «Обезьянка Мик» және «У синего Черного моря» атты жинақтары орыс және латыш тілдеріне аударылған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}