Нозематоз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Нозематоз – ол бірклеткалы спора түзуші нозема тоғышары тудыратын ауру. Аралардың организміне азық арқылы, ұяшықтарды тазалауда және зақымданған аралардан түседі. Ішекке түскенде споралар өсіп, тоғышар ішектің эпителий клеткасына енеді де сол жерде екіге тікелей бөліну арқылы көбейеді. Зақымданған араларда іш өту болады. Олар тез әлсіреп, ұшуға қабілеті болмайды және өледі. Қалған тоғышарлар спора түзіп, фекаль арқылы сыртқы ортаға түседі.

  • Ұяларда және балда нозема спорасы бір жылға дейін, ал суда үш айға дейін сақталады. Балды 60°С жоғары температруада қыздырғанда қоздырғыш 1сағат көлемінде өледі. Залалсыздандырушы формалин ертіндісі, фенол және едкалық нетра қоздырғышты бірнеше минута өлтіреді. Ауру аралардың суспензиясынан дайындалған препараттарды да зерттеуге болады. Ноземаларды қарағанда олар сопақша, күріш дәні және құмырсқа жұмыртқасы тәрізді болады.
  • Санитарлық баға - ауырған ара семьяларын жою керек. Аурудан таза емес шаруашылықтан шыққан ара және ара өнімдерін сатуға тиым салынады. Егер нозематоздар ерте қыста пайда болса, онда омарталарды қыстықтардан алып шығып, залалданған және зақымданған азықтарды гүлді табиғи бал және қантты сироппен алмастырады. Ауырған семьяларды жаңа немесе дезинфекцияланған,иқысқартылған және жақсы жылыланған омарталарға көшіреді. Көктем уақытында жақсы күтім жасап, температураны 35°С дейін көтеріп, ұялардың жан-жағын тақтайлармен қоршап, жылылайды.
  • Алдын алу - көктемде араларды жұмасына 1-2 рет 30°С дейін суытылған қантты сироппен азықтандыру керек. Ара семьяларына арналған сироп құрамына 250 мл фумагиллин қосады. 50 шақты өлген араларды стерилді чашкаға салып лабораторияға жібереді. Аралардың ұяларын, омарталарды, рамкаларды және ағаштан жасалған бөліктерді формалинмен, 2% хинозол ертіндісімен, 2% техникалық соды және 2% зольді щелок ертіндісімен залалсыздандырады. Халат, сетка, метал инвентарьларды 10 минут жай суда қайнатады.

<ref>Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж</ref>

Дереккөздер

<references/>