Нил Петрович Орлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Орлов Нил Петрович (27. 11.1896,Ресей, Тверь облысы, Млев селосы. – 11.11.1961, Алматы) – ғалым-паразитолог, малдәрігерлік ғылым докторы (1940), проффессор (1934), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945). Сібір малдәрігерлік институтын (Омбы, 1924) бітірген. 1931 жылдан Алматыда. 1931 – 63 ж Алматы зоотехнологиялы-малдәрігерлік институтында паразитология кафедрасының; 1946 – 50 ж Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институтында лаборатория меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері малдәрігерлік паразитология мәселелеріне арналған. Республикада мал гельминтоздарының таралуын зерттеп, олардан арылу шараларын белгілеп берді, мал кокцидиозын химиялы дәрілермен емдеу әдістерін ұсынды. <ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы VII том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub