Николай Степанович Журавлев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Журавлев Николай Степанович 1926 жылы 9 мамырда РКФСР Новопаловка ауылында туған. Ворошиловград мемлекеттік көркемсурет училищесінің кескіндеме бөлімінің 1-ші курсын (1941); Ворошиловград мемлекеттік көркемсурет училищесін (1950) суретші - қыш бұйымдарын жасаушы; Харьков мемлекеттік институтын (1956) суретші-мүсінші мамандығы бойынша бітірген. ҚР Көркемөнер академиясының академигі (2007 жылдан). Бейнелеу өнері кафедрасының доценті (1971 жылдан). Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалықуниверситеттің профессоры (2001 жылдан). Бейнелеу өнерінің түрлері - мүсін (монументалды, жанрлық, портреттік). Көптеген станоктық және монументалды жұмыстардың авторы, сонымен қатар Қазақстанның қалалары мен аудан орталықтарындағы 30 астам мемориалды ескерткіштер, оның ішінде - «Кеңес билігі үшін күрескерлерге» 4 фигуралы композиция, Д. Фурманов (1967) пен О.Жандосовқа (1969) ескерткіштер.

1957 жылдан Алматы, Мәскеу, Баку, Ленинград, Ташкент, Семей, Қазан, Киев, Теміртау, Қараганды, Душанбе, Вильнюс, Фрунзе қалаларындағы тақырыптық, шығармашылық, көркемсурет көрмелердің қатысушысы. Жеке 2 көрмесін өткізді (1986, 2006). Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында сақталуда.

1942-1945 жылдары - фашисттік концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқыны (Германия).

1956-1965 жылдары - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің сурет, мүсін, композиция, пластикалық анатомия, берік материалдардағы жұмыстар пәндерінің оқытушысы.

1965 жылдан - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің (Қазір Абай атындағы Қазақ үлттық пед гогикалық университет) физика және математика фкультеті сызу геометриясы және графика кафедрасыны оқытушысы, 1966 жылдан - аға оқытушысы, 1968 жылдан доценттің м.а., бейнелеу өнері кафедрасының меңгеруші м.а., 1970 жылдан - бейнелеу өнері кафедрасының меңгрушісі, 1975 жылдан - сурет кафедрасының меңгерушісі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің көркемсурет және графика факультетінде оқытушылы әрі тәлімгер қызметтерін атқарып келеді. КСРО (1957 жылдан) және ҚР Суретшілер одағыны мүшесі. «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл туу құрметіне» (1970), көпжылдық адал қызметі үшін «Еңбек ардагері» (1986), Ы. Алтынсарин атындағы ағарт және ұстаздық қызметіндегі айрықша еңбегі үшін (1988)

Марапаттар

«1941-1945 жылдарындағы ¥лы Отан соғысы Жеңісінің алпыс жылдығы» (2000) медальдармен; «Ы. Алтынсарин белгісімен (2008); КСРО Жоғарғы Кеңесінің, ҚР Суретшіле одағының құрмет грамоталарымен марапатталған.

Діни көзқарасы - православиелік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Өз елінің өркенде мен аман-саулығын ойлайтын қамқоршы адам». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақста жоғары дамыған 30 ел қатарына кіреді». Хоббиі - шахмат, балық аулау, саңырауқұлақ теру. Сүйіп оқитын әдебиеті - Р. Гамзатов, С. Есенин, Ш. Айтмтов, Ю. Никитин, С. Михалков. Үйленген. Ұлдары - Николай (1952 ж. т.), Александ (1958 жылы туған), Виктор (1960 жылы туған); қызы-Людмила (1956 жылы туған 10 немересі және 5 шөбересі бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub