Николай Раевский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Николай Раевский (1894-1982) - 12 шілдеде Вологда облысының Вытегра қаласында туған. 1913 жылы Каменец-Подольск гимназиясын бітіріп, екі жыл Петроград университетінің жаратылыстану факультетінде оқыған. 1915 жылы Михайлов артиллерия училищесіне түсіп, бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1924 жылы Прага университетінің жаратылыстану факультетіне қабылданады. Оны 1930 жылы бітіріп, жаратылыстану ғылымдарының докторы дәрежесі алады. Сонымен бір мезетте Прагадағы француз институтының әдеби секциясы курсынан өтеді. 1945 жылы КСРО-ға қайтып оралады. 1950—1961 жж. Минусинск (Краснояр өлкесі) ауруханасының бірінде диагностикалық клиника лабораториясының меңгерушісі болды. 1961 жылы Алматыға ауысып, 1977 жылға дейін Қазақ республикалық экспериментальдық клиника институтында ғылыми қызметкер болып істеді. Пушкинтану ісімен 1924 жылдан шұғылданады. Бұл зерттеулерінің нәтижелері көп жылдан кейін «Жазушы» баспасынан «Если заговорят портреты» деген атпен басылып шықты. Содан кейін Пушкин жөнінде «Портреты заговорили», «Друг Пушкина — Павел Воинович Нашокин» басылымдары жарық көрді. Соңғы жылдары «Джафар и Джан» мен «Последняя любовь поэта» повестері басылып шықты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}