Николай Николаевич Асеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Николай Николаевич Асеев (шын есімі Штальбаум; 1889—1963), совет кезеңінің ақыны, сценариші. <ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D0%B9_%D0%9D%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D0%B5%D0%B2%D0%B8%D1%87_%D0%90%D1%81%D0%B5%D0%B5%D0%B2</ref>

Өмірі

Н.Н.Асеев 1889 жылы 28 маусым (10 шілде) Льгова қаласында сақтандырушы агент Николай Николаевич Штальбаумның отбасында дүниеге келген. Асеев 8 жаста болғанда анасы Елена Николаевна қайтыс болады. Одан кейін әкесі екінші рет үйленеді. Сондықтан балалық шағын аңшы, балықшы, халық ертегілері мен әндерін сүйетін Николай Павлович Пинскийдің, яғни атасының үйінде өткізеді.

Курск училищесіне оқуға түсіп, 1909 жылы тәмамдайды. Кейін 1909 жылы Мәскеу коммерциялық институтында экономика саласында, Мәскеу Харьков Университетінде филология факультетінде білім алады.

Қызметі

1915 жылы әскер қатарына шақырылып, Австрия фронтына түседі. Азаматтық соғыс кезеңінде Қиыр Шығыста болады. 1920 жылы А.В.Луначарскийдің телебағдарламасының арқасында Мәскеуге шақыртылады. 1922 жылы Мәскеуге көшіп келеді. Н. Н. Асеев 1963 жылы 16 маусымда қайтыс болады. Мәскеудегі Новодевичьи зиратында жерленген. Ақынның құрметіне Мәскеуде Асеев көшесі ашылған, Курск облысында ғылыми кітапханаға ақын есімі ашылған. Льгова қаласында мұражай ашылған.

Кітаптары:

• Николай Асеев. Ночная флейта: Өлеңдер./ Предисл. и обл. БЕТ Боброва. — М.: Лирика, 1914. — 32 бет • Николай Асеев. Зор. / Обл. М. Синяковой. — М.: Лирень, 1914. — 16 бет • Николай Асеев, Григорий Петников. Леторей: Кн. стихов / Обл. М. Синяковой. — М.: Лирень, 1915. — 32 бет • Николай Асеев. Ой конин дан окейн! Четвёртая кн. стихов. — М.: Лирень, 1916. — 14 бет • Николай Асеев. Оксана. — М.: Центрифуга, 1916. — 88 бет • Николай Асеев. Бомба. — Владивосток: Вост. трибуна, 1921. — 64 бет • Николай Асеев. Аржаной декрет. — М.: Гиз, 1922. — 20 бет • Совет ветров. — М., ГИЗ, 1923. — 56 бет • Стальной соловей. — М., Вхутемас, 1922. — 26 бет

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}