Николай Мартынович Малашенко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Николай Мартынович Малашенко - 1939 жылы 2 қаңтарда Көкшетау облысы Ленинград ауданы Чистяковка ауылында туған. С.М. Киров атындағы Орал политехникалық институтын (1973) «Машина жасау технологиясы, металл кесетін станоктар мен құралдар» мамандығы бойынша бітірген. «Пневмогидроаккумулятор» (2004), «Бұрыштық редуктор» (2004), «Қалбағай жетегінің өзгерткіші» (2004), «Тербелетін шайбаның тетігі» (2005), авторлық куәліктері бар.

  • 1957-1958 жылдары - ҚазКСР облыстық мөмлекеттік баспаханасының (Көкшетау қ.) ротациялаушы шәкірті.
  • 1962 жылдан - ОДА зауытының (Көкшетау қ.) токарьлық автоматтардың реттеуші шәкірті, механикалық цехтың шебері.
  • 1964 жылдан - зауытында револьверлік станоктардың 4-, 5-ші разрядты реттеушісі.
  • 1968 жылдан - ОДА зауытының эксперименттік учаскесінің шебері.
  • 1974 жылдан - ОДА зауытының 1-ші топтағы эксперименттік учаскесінің бастығы.
  • 1979 жылдан - ОДА зауытының механикалық құрастыру цехының бастығы.
  • 1982 жылдан - ОДА зауытының өндірістік-технологиялық кешенінің бастығы.
  • 1984 жылдан - ОДА зауытының бас инженері.
  • 1994 жылдан - «Тыныс» АҚ (Көкшетау қ.) бірінші вице-президенті.
  • 1998 жылдан - «Тыныс» АҚ зауытының сенім тапсырылған басқарушысының бірінші орынбасары - бас инженері.
  • 2004 жылдан - «Тыныс» АҚ арнайы бөлімінің бастығы.
  • 2005 жылдан бері - «Тыныс» АҚ бас директорының кеңесшісі. «Құрмет белгісі» орденімен (1988), «Тыңжерлерді игергені үшін» (1957), «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің жиырма жылдығы» (1965), «Ерен еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» (1970) медальдарымен; «Құрметті машина жасаушы» белгісімен (2005) марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub