Николай Кабиров Шамсутдинович

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Николай Шамсутдинович Кабиров (25.2.1931 ж. т., Башқортостан, Уфа қ.) – инженер-механик, облыстың құрметті азаматы. Қазақ химия-технология институтын (1965), Алматы жоғары партия мектебін (1981) бітірген. Еңбек жолын «Ащысайполиметалл» комбинатында бастаған. 1956 – 1999 жылдары Кентау қаласындағы «Ащысайполиметалл» комбинатында слесарь, Кентау қалалық комсомол комитетінің 1-хатшысы, халықтық бақылау комиетінің төрағасы, қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Шарапат» қайырымдылық қорының президенті, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. Еңбек Қызыл Ту (1976), «Халықтар дос¬тығы» (1981), «Октябрь революциясы» (1986), «Құрмет белгісі» (2001) ордендерімен марапатталған.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref> Ғ. Талас

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала