Николай Иванович Кульков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Николай Иванович Кульков (1923, Ульянов облысы – 1974, Шымкент) – соғыс және еңбек ардагері. «Даңқ» орденінің толық иегері.
Өмірбаяны
1936 жылы отбасы Шымкент қаласына көшіп келген.
1942 жылы авиация мектебін бітіріп, әскери-теңіз авиациясы училищесіне оқуға түседі.
1942 жылы қараша айында өз еркімен майданға аттанып, 23-гвардиялық атқыштар дивизиясының 84-гвардиялық атқыштар полкінің барлаушысы болды.
Сталинград түбінде алғашқы ұрысқа кіріп, соғысты Неман жағалауында аяқтады. Елге ІІ топтағы мүгедек болып оралып, 17 жылдай Шымкент мақта-мата комбинатында бас бухгалтердің орынбасары болып істеді.
Дереккөздер
- Белан П.С., Доблесть солдатская, А., 1974.
<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>
Сілтемелер
<references />