Николай Иванович Крутильников

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Н.И, Крутильников. Пейзаж. 1930 ж.jpg
Н.И, Крутильников. "Пейзаж". 1930 жылы

Николай Иванович Крутильников (4.11.1896, Ресей, Киров облысы Калинин село - 13.4.1961, Алматы) -кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі (1954). Қазан сурет училищесін бітірген (1916). 1921 жылдан Қазақстанда тұрады. 1921 -24 жылдары Семей театрының суретшісі, көркемсурет студиясының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі болды. 1928 -29 жылдары республикада тұңғыш ұйымдастырылған көшпелі сурет көрмесіне белсене араласты. 1938 - 56 жылдары Алматы сурет училищесінде ұстаздық етті. Негізгі еңбектері: Қарағанды мен Балқаш кен орындарындағы еңбек адамдарының топтама суреттері (акварель, 1934 - 47), Д.Макаев (1951), Ж.Жабаев (1957) портреттері, "Балқаштың әйгілі мыс қорытушылары" (1935), "Балқаш стахановшылары" (1953), "Марқакөл пейзажы"( 1953).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}