Николай Иванович Анов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Николай Иванович Анов (Иванов ) (30.12.1891, Санкт-Петербург, – 18.7.1980, Алматы) – жазушы-драматург.

Еңбек жолын 1908 жылы баспахана жұмысшысы болып бастаған. 1917 – 1950 жылдары Омбы, Өскемен, Семей, Новосибирск, Мәскеу қалаларында баспа, газет-журнал редакцияларында қызмет етті. 1951 жылы Алматыға қоныс аударып, өмірінің соңына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен шұғылданды. Алғашқы әңгімелері 1914 жылдан жариялана бастады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Қазақстан тақырыбына арналған «Азия» романы (1979), Днепр СЭС-ы құрылысшылары туралы «Днепрострой» очерктер жинағы (1931) басылды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

  • Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан өмірін кең қамтыған «Жоғалған інім» (1941; толықтырылған нұсқасы – 1960),
  • қазақ өнерінің жаңаша қалыптасу кезеңін суреттейтін «Ән қанаты» (1956) кітаптары жарық көрді.
  • Өмірбаяндық сарындағы «Менің жастық шағым» (1964; трилогияның 1-кіт.),
  • «Выборг жағы» (1970; 2-кіт.),
  • «Омбыдағы интервенция» (1978, 3-кіт.) романдарын,
  • «Мәртебелінің өлімі» (1961),
  • «Қазына түбегі» (1965) повестерін, бірнеше пьеса, киносценарийлер жазды. М. Әуезовтің «Абай жолы» романының 2-кітабын орыс тіліне аударуға қатысқан.
  • «Кашира аңызы» кітабы үшін Қазақстан Мемлекет сыйлығын алған (1970).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}