Николай Иванович Андрусов
Николай Иванович Андрусов<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref> (1861, Украина, Одесса – 1924, Чехия, Прага) – көрнекті орыс геологы және палеонтолог, академик (1914). Юрьев (1896) және Киев (1905) университеттерінің профессоры. Негізгі еңбектері Каспий алабының стратиграфиясы және палеонтологиясын зерттеуге арналған. Андрусовтың Солтүстік Кавказ бен Оңтүстік-шығыс Кавказ сыртын зерттеулерінің нәтижесі сол аймақтағы мұнайлы кен орындарының геологиясын тану үшін маңызы зор болды. Кара (1890) және Мәрмәр (1894) теңіздеріндегі мұхиттық экспедицияларға, сондай-ақ Қарабұғазкөл, Маңғыстау (1897, 1907) экспедицияларына қатысты. Маңғыстаудың тұңғыш геологиялық картасын жасады, бірнеше фотосуреттер түсірді. Маңғыстау экспедициясының нәтижесінде көптеген ғылыми еңбектер жазған. Андрусовтың Маңғыстауды түбегейлі зерттеу ісін шәкірттері М.В. Баярунас, В.Мокринский, тағы басқалар жалғастырды.
- Андрусов – палеоэкологияның негізін қалаушылардың бірі.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>