Николай Душкин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Николай Душкин 1922 жылы 20 желтоқсанда Алтай өлкесі, Усть-Боровушка селосында туған. 1941 жылы Алматыда орта мектепті бітіріп, Совет Армиясы қатарына алынған. Харьков артиллерия училищесінде оқып, атыс взводы командирі ретінде Күрек — Орел иінінен Венаға дейін майдан жолынан өткен.

1946 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факулътетін бітіреді. 1950 жылдан баспасөз органдарында істейді. Бірнеше жинақтар шығарған, қазақ ақындарының өлеңдерін аударған.

Қызыл Ту және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Шығармалары

  • Дружба. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1952;
  • Отчий край. Стихи. А., ҚМ КӨБ, 1961;
  • Подорожник. Стихи. А., «Жазушы», 1975;
  • Внучек бабушку учит. Стихи. А., «Жалын», 1981;
  • Мужание. Повесть. А., «Жалын», 1984.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}