Николай Алексеевич Иванов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Николай Алексеевич Иванов - 1934 жылы 3 маусымда РКФСР Курск облысының Ильинка ауылында туған. Орыс.

Әкесі - Иванов Алексей Михайлович, марқүм. Анасы - Иванова Екатерина Павловна, марқұм.

Петропавл музыкалық училищесінің дирижерлік ету факультетін бітірген (1967), хор дирижері, ән мүғалімі.

1954 жылдан - «Металлист» Харьков әскери зауытының токарі. 1958 жылдан - Көкшетау механикалық зауытының токарі. 1960 жылдан - Көкшетау механикалық зауыты Мәдениет үйінің хормейстері. 1992 жылдан - Теміржолшылар мәдениет үйінің ардагерлер хорының жетекшісі.

1998 жылдан бері - «Көкшетау» облыстық Мәдениет үйі ардагерлер хорының жетекшісі.

Бүкілодақтық көркемөнерпаздар шығармашылық байқауының лауреаты (1981); 2-ші Бүкілодақтық халық шығармашылығы байқауының лауреаты (1987). «Ерен өңбегі үшін» (1970), «Еңбек ардагері» (1988) медальдарымен; «Кәсіподақтардың мәдени-ағарту мөкемелеріндөгі үздік жұмысы үшін» белгісімен (1981) марапатталған. ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1982).

Діни көзқарасы - атеист.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Саяси көшбасшыда шыншылдық, адалдық, бірбеткейлік, риясыздық секілді қасиеттерді бағалаймын».

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Мемлекеттің қуатты өркендеуіне үміттенемін».

Хоббиі - бау-бақша өсіру.

Сүйіп оқитын әдебиеті - әскери тақырыптағы көркем әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Иванова Лилия Семеновна (1940 ж.т.), зейнеткер. Қызы - Щербак Светлана Николаевна (1961 ж.т.); ұлы - Иванов Николай Николаевич (1962 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub