Николай Алексеевич Зайцев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алексеевич Николай Зайцев 1947 жылы 17 мамырда РКФСР Челябинск облысы Орал ауданының Карағай кентінде туған. Әкесі - Полянцев Леонид Петрович, марқұм, жұмысшы болған. Анасы - Зайцева Наталья Яковлевна, марқұм, шаруа болған. Өскемен педагогикалық институтын бітірген (1979), тарих мұғалімі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1978 жылдың қыркүйек айынан бері - Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының директоры. Лениногор қаласы Үлбі ауылдық кеңесінің 3-ші шақырылым депутаты (1967-1969). ИКОМ (Халықаралық мұражайлар кеңесі) Қазақстан ұлттық комитетінің вице-президенті; Шығыс Қазақстан облысы қолөнершілер ресурстық орталығының жетекшісі (2008 жылдан); «Шығыс Қазақ- стан Орыс мәдени орталығы» ҚБ төрағасы (2010 жылдан). «Мұражай ісі» номинациясындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мәдөниет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығының лауреаты (2006). ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1988). «Құрмет» орденімен (2007); «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен (2000); ҚР мәдениөт министрінің (1993, 1999, 2003), ҚР Президентінің (2000) құрмет грамоталары- мен марапатталған. Өскемен қаласының Құрметті азаматы (2005). Діни көзқарасы - православ дінін ұстанады. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік». Хоббиі - ландшафттік дизайн. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи публицистика. Бойдақ.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub