Низам әд-Дин Шами

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Низам әд-Дин Шами Низомуддин Шанбий, Низамуддин Шанби Газоний, Низам Табризи (туған өлген жылы белгісіз) – парсы тілінде жазған тарихшы. 14 ғасырдың аяғы мен 15 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген. Әмір Темірдің өмірбаяны туралы тұңғыш еңбек – “Зафарнаменің” авторы. Низам әд-Дин Шамидің негізгі еңбегі саналатын бұл шығарманың Қазақстан мен Орталық Азияның 14 ғасырдың 2-жартысындағы тарихын зерттеуде маңызы зор. Кейбір деректерде оның басқа да еңбектерінің болғандығы айтылады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің айтуы бойынша, Низам әд-Дин Шами сол кездегі жақсы әдебиетші әрі әдеби стиль өнерін жете меңгерген адамдардың бірі болған. Шейх Уәйіс І-нің (1356 – 74) тапсыруымен араб тілінен парсы тіліне Мұхаммед ибн Абдулах ибн Зафар Макки Андалусидің (12 ғ.) “Сульван ал-мутта’фи увон ал-атба” еңбегін аударған. Иран шығыстанушысы Даниш Пажух (20 ғасыр) оның Мұхаммед пайғамбар мен 12 имамның қысқаша өмірбаянын жазғанын және оның шын аты Әли ибн Мұхаммед екенін, ол Низхам ул-Вайз есімімен белгілі болғандығын жазды. Аталған шығармаларда орта ғасырдағы шығыс әдебиетіне, дін тарихына қатысты құнды мәліметтер бар.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Низам әд-Дин Шами|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}