Низам әд-Дин Биржанди

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Низам әд-Дин Биржанди , Абд әл-Әли ибн Мұхаммед ибн Хұсайн Низам әд-Дин әл-Биржанди (туған жылы белгісіз, Кухистан – 1528) – ортағасырлық астроном, ғалым. Ала әд-Дин Әли әл- Құсшының мектебінде білім алып, кейін Ұлықбектің ғылыми дәстүрлерін дамытқан. Хорасанның астанасы Гератта тұрды. Ұлықбектің “Зиджи жадиди горагани” (“Жаңа астрономиялық кесте”) еңбегіне толық түсіндірме жазды. Онда астрономия мен математикадағы кейінгі қол жеткізілген үлкен табыстар жайлы мәліметтер бар. Зәкәрия әл Қазуини мен Әбу-л-Фиданың, тағы басқа авторлардың еңбектеріне негізделген “Аджаиб әл-бұлдан” (“Елдер ғажайыптары”) атты шығарманың 1501 – 02 ж. шамасында Низам әд-Дин Биржанди жазған нұсқасы ұзақ уақыт авторы белгісіз деп есептелініп келді. Бұл еңбекте орта ғасырдағы космография мен географияға байланысты қысқаша мәліметтер берілген, 7 “климаттың” (орта ғасырдағы шығыс географтары құрлықтың белгілі бір бөлігін шартты түрде бөлген геогр. белдіктер) тарихи геогр. сипаттамасы келтірілген. Шығармада Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген әр түрлі түркі тайпалары шігілдер, татарлар, хазанждар, хазарлар, қырғыздар (хырғыздар), оғыздар, қимақтар туралы этногр. деректер бар. Ол пайдаланған еңбектердің бірқатары бізге жеткен жоқ. Бұл Низам әд-Дин Биржанди жазған “Аджаиб әл-бұлдан” нұсқасының құнын арттыра түседі.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Низам әд-Дин Биржанди|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}