Несіп Жүнісбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Әке.JPG
Несіп Жүнісбайұлы
Несіп Жүнісбайұлы (10 желтоқсан 1950 жылы Талдықорған облысы Қаратал ауданы "Көпбірлік" ауылы) - спорт журналисті, жазушы,спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Мазмұны
Өмірбаяны
Білімі
- 1970 жыл - Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1975 жылы қызыл дипломмен бітіріп шығады.
- 1996 жыл - Қазақ дене шынықтыру институтын сырттай бітіріп, бапкер-ұстаз мамандығын алды.
Қызмет жолы
- 1968 жыл - Кеңес Одағы армиясының қатарына алынып, КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етеді.
- Негізгі қызметін республикалық "Лениншіл жас" газетінде бастап, осы газеттің спорт және әскери-патриоттық тәрбие бөлімін басқарды, газеттің Редакция Алқасының мүшесі, кәсіподақ, комсомол, партия ұйымдарының хатшысы болды.
- 1991 жылы қаңтар айында республикалық "Спорт" газетіне бас редактор болып тағайындалады. Республикалық "Спорт" газетін сәл үзілістермен 2014 жылға дейін, яғни зейнетке шыққанша басқарды. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Қоғамдық қызметі
- ҚР спорт Комитетінің Алқа мүшесі болып сайланды.
- Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
- Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, басқарма мүшесі.
- Халықаралық спорт журналистері Қауымдастығының (AIPS) мүшесі
- Азия спорт журналистері Одағының (ASPU) Атқару комитетінің мүшесі (1994-2006 жж.)
- Азия Олимпиадалық Кеңесінің (ОСА) баспасөз комитетінің мүшесі болған тұңғыш әрі жалғыз журналист.
- Азия спорт баспасөзі Одағы президентінің кеңесшісі.
- Қазақстан спорт баспасөзі Қауымдастығын құрушы және тұңғыш президенті (1992 - 2013 жж.).
- Республикамызда таза қазақ балаларынан ғана тұратын "Намыс" кәсіпқой футбол клубын құрушы және президенті (1991 - 1996 жж.).
- Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының тұңғыш президенті (1991 ж.)
- спорт шебері, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. Тоғызқұмалақтан респуликамыздың вице-чемпионы, Республикалық ұлттық спартакиадасының чемпионы, командалық есепте республика чемпиондары болған Алматы қаласы командасының бас бапкері.
Шығармашылығы
Он Олимпиада ойындарының, бес футболдан әлем чемпионатының куәгері, спорт тақырыбына жазылған, әдеби және деректі тақырыпқа жазылған 20-ға тарта кітабы бар.
- "Үшінші раунд"
- "Ауылдан шыққан алыптар"
- "Футболмен тыныстаған Испания"
- "Әкемнің қамшысы"
- "Намыс жыртар ұл қайда?!"
- "Мексикадағы футбол тойы"
- "Мұстафа Өзтүрік"
- "Ережесіз "белдесу"
- "Бас иемін!"
- Сонымен қатар, Қазақстан өз егемендігін алғалы ұлттық командамен қатысқан Олимпиадаларының шежіресі боп саналатын орыс тілінде жазылған "Олимпийский маршрут" кітаптарының төрт томы өз алдына.
Марапаттары
- Қазақстан Журналистер Одағын сыйлығының иегері.
- Баубек Бұлқышев атындағы журналистер сыйлығының иегері.
- Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің "Жылдың үздік журналисі" марапатының иегері.
- Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтардың иегері.
- "Жалын" баспасы жабық әдеби конкурсында "Рингтегі тағдыр" повесті екінші жүлде алған.
- Көптеген творчестволық ұйымдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың наградаларының иегері
- ҚР Президентінің Алғыс хаты
- Астана қаласының 10 жылдығы медалі
- Қазақстан Халық Ассамблеясы 20 жылдық құрмет медалінің иегері.
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. <ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references />
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 10 желтоқсанда туғандар
- 1950 жылы туғандар
- Қаратал ауданында туғандар
- Қазақстан журналистері
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Қазақстан спорт шеберлері
- Халықаралық дәрежедегі төрешілер
- Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері