Несіпбаев
Үлгі:Біріктірілсін Несіпбаев Төлеутай (10.5. 1938 ж.т., Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай ұжымшары) – ғалым, биология ғылымының докторы (1990), профессор (1992), Қазақстан жоғары мектебіне еңбек сіңірген қызметкер (1979). 1961 ж. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлы университеті) бітіріп, күні бүгінге дейін сол университетттің физиология және морфология кафедрасында (1992 жылдан меңгеруші) жұмыс істейді.
Істеген жұмыстары
Негізгі ғылыми жұмысы малдың ас қорыту физиологиясының ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Несіпбаев бұзаулардың мес қарнында қанттың, май қышқылдарының мөлшері мен инфузория санының олардың жасына қарай өзгеріп отыратынын; қойлардың мес қарны мен бүйеніндегі ас қорыту процестерінің физиологиялық параметрін анықтады. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім</ref>
Шығармалары
- Қойларды азықтандырудың физиологиялық негіздері, А., 1980;
- Жануарлар физиологиясы, 1 – 2 т., А., 1995 – 96;
- Физиология терминдерінің орысша-қазақша түсіндерме сөздігі, А., 2004.
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>