Несептің түзілуі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Несептің түзілуі– организмнен зат алмасудың соңғы өнімдерін, Na, K, Ca, Mg-дың, тағы басқа артық қалған тұздарын, су және бөгде заттарды шығаруды қамтамасыз ететін бүйректе өтетін процесс. Бұл организмнің ішкі ортасының, яғни клетканың сыртқы бөлігінің сұйықтық көлемін және оның рН деңгейінің тұрақты құрамын реттеп тұратын факторлардың бірі. Несептің түзілуіне: фильтрация (бүйрек шумақтарында не түтікшелерінде қан плазмасының сүзілуі), реабсорбция (сүзіндідегі заттардың бір бөлігінің қанға қайта сорылуы) және секреция (түтікшелердегі бөліну) жатады. Адамның бүйрегінде минутына 125 мл сүзінді түзіліп, 1200 мл қан ағыны өтеді. Реабсорбцияның қарқыны организмнің ішкі жағдайына байланысты. Мысалы, судың мөлшері көп болса, реабсорбция жай жүреді де, мин-на 20 мл несеп бөлінеді. Бірақ Na-дың белсенді реабсорбциясы сақталып, тіпті күшейеді. Соның нәтижесінде организм артық сұйықтықтан құтылады. Организмнің сусыздануы кезінде Na-дың сіңуі өзгермейді не төмендейді. Соның нәтижесінде организмде сұйықтықтың көлемі сақталады. Бүйрек түтікшелерінің клеткалары қанға сүзіндідегі заттарды қайтарып қана қоймай, бөгде заттарды бөліп шығарады. Сүзгіштік қысым белгілі бір деңгейден төмендесе, сүзілу тоқтайды. Бұл Несептің түзілуі процесінің аяқталғанын көрсетеді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub